БОЛЖАМ

lat: BOLJAM

зат.1. Жорамал, тұспал, болжал.

Қарттар жағы: «Биыл қыс қатты болатын сыңай танытты, өйткені алғашқы қар ұзақ жатып алды» деп болжамдар айтып қора- қопсыны жылдағыдан ерекше ыждағатпен жөндеді (С.Досымов, Жаңғырық).

Жоқ болып кетуіне де болжам көп: біреу ар жаққа өтіп кетті дейді, екіншісі Айсарыға барып қосылған шығар дейді (Б.Нұржекеев, Күтумен өтк.).

Жел лебі шығысқа ауған тәрізді. Ертең уілдей соғады деген болжам бар (Ә.Сәрсенбаев, Теңіз.).

2. терм. <грек. hypothesis> Мәні толық анықталмаған заттар, құбылыстар мен қатынастар туралы ұсынылатын ғылыми жорамал. Ғылыми болжам.