БОЛУ

lat: BOLÝ

Бол етістігінің қимыл атауы. 1. Мақсатқа жету, іске асыру.

Біз ол кезде оқытушыболуды арман еттік (С.Көбеев, Орынд. арман).

2. Қандай да бір күйге ену.

Ол кісінің айтқан ақылы Отанды сүю, қазіргі темаларды көп жазу, жауға мейірімсіз болу (С.Мұқанов, Өсу жол.).

Индиядағы сарайлар не қылса салқын болу , тіпті қолдан келсе суық болу мақсатын ойлап салынатын тәрізді (М.Әуезов, Индия очерк.).