БОРАН

lat: BORAN

зат. Қарды, топырақты бұрқыратып, ұйтқып соғатын күшті жел.

Күшейді соққан боран барған сайын, сүйтсе де, көшір білді жүру жайын. Бұл қыздар сол бетімен бара тұрсын, Владимир қайткенін баяндайын (Ш.Құдайбердиев, Шығ.).

Боранмен жердің үсті көмілгенде,

Мұрның ғана көзіңе көрінгенде,

Жазғы бұлттың жалтылы жай астында,

Үйде отыру болды ма, жаным, менде? (С.Торайғыров, Алаш ұраны.).

- Тағы боран! Әлі боран! Жұтатты-ау! Ақсүйек қып жұтатты-ау ел сорлыны! - деп уайым айтып, ұзын қара сақалын ұстап, ойланып қалды (М.Әуезов, Абай жолы).