БОРТСЕРІК

lat: BORTSERİK

зат.авиац. Ұшақ ішіндегі тәртіпті бақылайтын, ондағы жолаушыларға қызмет көрсететін азаматтық әуе флоты қызметкері.

Алматының біріккен авиаотряды бортсерік мамандығына конкурс бойынша қабылдау өткізеді («Алматы ақшамы»).

Бортсерік мамандығына кандидат саяси сауатты, кәсіби қабілеті жоғары, тәрбиелік қасиеті жақсы, реңді түрі және қызмет көрсету саласына икемі болуы қажет («Алматы ақшамы»).