БОРЫШКЕР

lat: BORYSHKER

сын. Біреудің немесе бір нәрсенің алдында қарыздар, парызы бар адам.

Штурм жасауда, зенитка атқылағанда шебер маневрлер істеуде жетістіктерім үшін Степан Демьяновичке ғана борышкермін (Т.Бигелдинов, Аспан.).

Ақын болсын, артист болсын, драматург болсын еңбек адамының алдында ұлан-асыр борышкер («Қаз. әдеб.»).

Әбдірахман деп өзін Хасан алдында әлі борышкер санайды (О.Сәрсенбаев, Сағым).