БОСАҒА

lat: BOSAǴA

зат.астр. Төрт жұлдыздан құралған шоқжұлдыз .

Босағаның төрт жұлдызының күрделі әрі қызғылықты қозғалысын бақылаған қазақ халқы оны... жер тараптарын бақылау үшін қолданған (ҚСЭ).

Бұлт ыдырап бара жатты. Жылқының таңғы жусауы жетті, босаға батты, енді таң атады, - деді Қалабай.Сәрсекеев, Кілт).

Босаға жұлдызы еңкейіп барып батуға айналды.Жансүгіров, Шығ.).