ӨНЕРПАЗ

lat: ÓNERPAZ

(пар. һөнербаз هنرباز) асқан шебер, өнерлі.

Жазылса падишадан олжа алуға, Неше түрлі өнерпаз іздеп келген («Қисса Иунан патша». Бабалар сөзі. 5-том. 2004. 100 томдық).

Өнерпаз бұ дүниеде болған үшін, Атын қойған екен қожа Баһауидин («Қожа Баһауидин хазіретінің қиссасы». Бабалар сөзі. 16-том. 2005. 100 томдық).

Тым болмаса бір өнер білсе екен деп, Берділер бір өнерлі өнерпазға («Шаһмаран». Бабалар сөзі. 2-том. 2004. 100 томдық).