БУ

lat:

зат.1. Судың жылып, қайнауынан пайда болатын тұман тәрізденген газ.

Кірлеп келген кісіге

Монша қандай, бу қандай!

Шұрылдаған ішіне

Шәрбат-шарап кұйғандай! .Мырзалиев, Мәңгі майдан).

Шәйнек буы аспанға көтеріліп, сақырлап қайнап жатқан еді .Иманжанов, Таныс қыз).

2. Суық ауа мен жылы ауаның алмасуынан, ылғалдың жылып булануынан ауада пайда болған тұман тәрізді зат .

Оның себебі, қыстыкүні іштен шығу бойына, бу тазарып тамшыға айнала бастағандықтан, жаз ат терлесе де б у көзге түспейді, қыстыкүні жортып, терлеп келе жатқан аттың буы аспанға будақтап шығып отырады .Байтұрсынұлы, Т.Шонанұлы, Оқу құралы).

3. Қысымның әсерінен болған леп, ауа, иіс .

Су аяғы төмен жақ,

Тұяқ кеспес ну екен.

Шөпті қалың өсірген,

Тамылжыған қалың шық

Қара жердің буы екен (Кердері Әбубәкір, Қазағым).

Қонағасы сойылды.

Сабада қымыз күрпілдеп,

Піскенде буы бұрқылдап,

Шараға қымыз құйылды.Әзірбаев, Шығ.).

4. терм. Заттың газдық фазасы өзінің сұйық фазасымен тепе-теңдікте болатын газ тәрізді күйі.

Б у мен газ ұғымы, көп жағдайда, бір-бірінен шартты түрде ғана ажыратылады (ҚҰЭ).

5. ауыс. Бір нәрсенің желігі, әсері; қуаты, күші.

Қайтемін айта беріп «пәлен, түген... »

Жастықтың буыменен әлі ентігем!

О, жастық шақ, жазылған жүрегіме

менің жыр-сәлемімді ал, өтінем!.Мүсірепов, Раушан).

Қош айтып өрлей желдім Қалқұтыны,

Буымен әріптестің жан құтырды,

Май айда маужыратып жүпар гүлі,

Бұлбұлдар сайраушы еді тап сол күні.Әзірбаев, Шығ.).