БҰҒЫ

lat: BUǴY

зат.зоол. <лат. cervidae> Таулы, орманды жерді мекендейтін ашатұяқты, бұтақтанған үлкен мүйізді ірі жануар.

Ол тұстарда арқар, бұғы, киік, бөкен сияқты момын аңдар табын-табынымен өреді («Қаз. әдеб.»).

Ол бұғының мүйізі тармақ-тармақ, жалпақ болады (М.Дулатов, Шығ.).

Былтырғы жайлауда алыстан бұғының өкіргені, сілеусіннің арс етіп қалғаны құлаққа келіп жататын (Ғ.Сланов, Шалқар).

Жайлаған адырында ақбөкендер,

Тауешкі, бұғы, марал, арқар, елік.

Кей кезде алабына кең жайылып,

Кей кезде бадамына кетеді еніп (Ақын жырлары).