ПАЛАУ

lat: PALAÝ

(пар. палау پلو) ет, сәбіз қосып жасалған күріш тағамы.

Бұ палауды беремін соған елтіп, Ап кел деген уағдасы қалды жетіп («Хикаят Сәлімжан». Бабалар сөзі. 5-том. 2004. 100 томдық).

Шашпа палау бір-біріне баттасып қалмаған, күріштері шашылып тұрған палау.

Асып шашпа палауын , Дүмшелеп қойып көк шайын («Жанқожа батыр». Бабалар сөзі. 62-том. 2010. 100 томдық).