БҰЛ

lat: BUL

есім. Біреуді не бір нәрсені нұсқап, сілтеп көрсететін сілтеу есімдігі; осы, мына. Елде көп бұл бидайдай адам, - деді, - Тәкаппар, оны халық жаман, - деді, - Қалпы емес тәкаппарлық данышпанның Тұтынба бұл мінезді, балам, - деді (А.Байтұрсынов, Шығ.).

Үлкендер ұмтылмайды ұғайын деп,

Мен дағы бұл қылықтан шығайын деп (Ш.Құдайбердиев, Шығ.).

Қызықты кезі жастықтың,

Жиырма бес, отыз арасы.

Бұл дәуірде жар құшпай,

Сағым қуған, сарпалдаң,

Бір әуре байғұстай (Ж.Аймауытов, Шығ.).

Ақылсыз жігіт екен тартаңдаған,

Бұл заманның болысы күй таңдаған (Бес ғасыр.).