БҰЛ

lat: BUL

зат.сөйл. 1. Пұл.

Тамағы тоқ, бұлы көп

Семіз байлар оңбайтын.

Киімі жоқ, түгі жоқ

Кедейді ылғи қорлайтын (А.Шамкенов, Сағат).

Тәтті менен дәмдіні Қолында бұлы бар жейді (ХVІІІ-ХІХ ғғ. қаз. ақын.).

Базарда «Теңге» болсаң бұл боларсың,

Қолыңа құрық алсаң құл боларсың.

Батырдың айтқан сөзі рас болса,

Қолыма су құятын күң боларсың (Айман-Шолпан).

2. Баға, құн.

Көтере берме бұлыңды,

Көпірте берме ұртыңды,

Күндердің күні болғанда,

Өзіңнен мықты жолықса,

Ту сыртыңнан жармай алар өтіңді (ХVІІІ-ХІХ ғғ. қаз. ақын.).

Асылдай ақ күмістен айырулы- ай,

Қасиетті бір мінезің абиұлы-ай.

Ақ бетің ақ жауқазын айға меңзес,

Бұқардың бұлы қымбат ақ ұнындай (Н.Шыршығұлұлы // Ақберен).