БҰЛҒАҚ

lat: BULǴAQ

зат.көне. Дүрбелең, аласапыран, бүлік.

Аласапыран, бұлғақ жылдары да өтті (Қ.Жұмаділов, Шығ.).

Бұлардың ішінде кеше ғана ел ішіндегі бұлғақты қоздырған, әрқасысы-ақ бүкіл қазаққа, тым құрыса, өз ұлына қан болғысы келген қырыс төрелер де бар еді (М.Мағауин, Аласапыран).

Азуы алты қарыс қатал хандардың тұсындағы талай бұлғақтың қорасы Абалақ. Жақындықтан да бой тартар деп түйген (М.Мағауин, Аласапыран).