БҰЛТТЫ

lat: BULTTY

с ы н. 1. Бұлт торлаған, бұлты бар, бұлты көп.

Үй сыртындағы қырға қарай бет қойып келе жатып, күз айының ызғыған қара суық желіне, бұлтты аспанына қарады (Ә.Нұрпейісов, Сергелдең).

Аспан қалың бұлтты (Ғ.Мүсірепов, Оянған өлке).

2. ауыс. Қайғылы, түнерген, көңілсіз.

Қанды бұлтты түндерде,

Ел бақытын байлаған

Жәңгір атты жалмауыз (Т.Жароков, Шығ. жин.).

Қарасы бар, ағы бар,

Бұлттар көп қой өмірде.

Жетерлік қой ашылмас,

Ылғи бұлтты көңіл де (Т.Әбдірахманова, Көгершін.).