Жамбы

lat: Jamby

з а т. 1. к ө н е. Сауда кезінде алыс-беріске пайдаланатын, сыйлыққа жүретін әртүрлі формадагы қорытылып құйылған кесек алтын не күміс: алтын, күміс құймасы.

Он бес балуан бәйгесі: алды-жамбы бастатқан тоғыз, арты-төрт кез мата (Ж.Аймауытов, Шығ.).

Тағы да айтты ойды,

Алдына асыл шапан, жамбы қойды (Ш.Құдайбергенов, Шығ.).

Қорасындағы жамбыны

Алдына төгіп салады.

Жамбыны ақын «нәсіп» деп,

Бәрін тиеп аладыамбар батыр).

Моңғолдар - «жамбы» деп күмістен, алтынмен құйылып, мөлшеріне қарай «қой тұяқ», «тай тұяқ» аталатын нәрсені айтқан (С.Мұқанов, Аққан жұлдыз).

2. а у ы с. Тұрақсыз, көрсеқұмар.

Ызаға толар қос өкпе

Әр жұмысты қылғанда,

Жолықтырар кесекке

Жамбысың үйір боп кетер

Жастығы қатты төсекке (Бес ғасыр.).