ЖАНАМА

lat: JANAMA

з а т. г е о м. Қисық сызық қиюшысының шектік жағдайы.

Элементар геометрияда кездесетін қисық сызықтардың ерекше нүктелерінен басқа барлық нүктелерінде жанамасы болады (Қаз. тілі термин. Информатика.).

Жанаманың х 0 нүктесіндегі теңдеуі былайша жазылады: у - £ (х 0 )= £ (х 0 ) (х - х 0 ), мұндағы £ (х 0 ) жанаманың бұрыштық коэффиценті (Қаз. тілі термин. Информатика.).

Жанама туралы және оған байланысты есептер әрқашанда қатарлардың шексіз жақын мүшелерінің айырмасын есептеуге әкеліп соғады (А.Көбесов, Математика.).