ЖАНАМА

lat: JANAMA

с ы н. Қосымша, қосалқы, үстеме.

Жорыққа шыққанда, таңдап мінген тарландарға бел босатарлық жанама жүйріктер жетекте отырады (Х.Есенжанов, Тар кезең).

Мен есепті тақтаға жазып шығарудың амалдарын ойластыра бастадым. Директор маған жанама сұрақтар беріп көмектесіп отырды (Ә.Нұршайықов, Батыр). «Сырын білмеген аттың сыртынан жүрме» деуде тура мағына болумен қатар, астарлап айтылған жанама мағына бар (М.Әлімбаев, Өрнекті сөз.).