ДҮЙСЕНБІ

lat: DÚISENBİ

з а т. Аптаның жексенбіден соң келетін бірінші күні.

Итбайдың бір әдеті ұзақ сапарға «сәтті күн» деп таңдағаны дүйсенбі мен сәрсенбі күндері ғана болатын (С.Мұқанов, Жұмбақ жалау).

Бүгін үйге тараңдар. Дүйсенбі күні ерте сағат онда мектепте болыңдар (С.Бегалин, Мектеп.).

Көретұғын түгі де жоқ сағаттан, дүйсенбіде кешіктің бар сағаттан. Кен байлығын білмедің де Оралдың, Сейсенбіде сүмірейген бір алдың (Қ.Мырзалиев, Күміс.).