ДЫ

lat: DY

ш ы л. Еді сөзінен қысқарып жасалған демеулік шылау.

Мұнан бірнеше жыл бұрын осы арада қауғамен тартып көмір шығаратын қираған шахталар бар- ды (А.Машанов, Жер асты).

Жағалай қарап шықтық. Солардың орта деңгейінде Эдмунд Вениаминович Штольдың да портреті бар-ды (Б.Тоқтаров, Қыран.).

Бұлшық еті шыныққан адамда жарық болмайтынын дәрігерлер ертеде-ақ аңғарған-ды (Е.Оразақов, Дәрігерлік.).