ДІНИ

lat: DİNI

с ы н. Дінге тән, дін тұрғысынан.

Діни кітаптар мен мифтер халықтың есінде қалған мәліметтерді өз бойына жинап, болған ақиқат оқиғалар елесін береді (Шарапат).

О кезде Екібастұзда молдалар сабақ беретін жеті діни мектеп болған еді (Жарық жұлдыздар).

Інжіл, Құран т.б. діни кітаптарда латын, грек, ескі славян, араб тілдері сақталып, осыларға қоса діни философия, мантық (логика) әптиек, иман шарттар оқулық ретінде пайда болдыслам энцик.).

Қырқа үстінде бүкіл қазақ жері мен Түркістанға діни ғылымның ошағы болған, қалың мәуе ағашына бөленген көп құжыралы Қарнақ медресесі тұр (І.Есенберлин, Қатерлі).