ЕДІ

lat: EDİ

е т. Е етістігінің өткен шақ (грамматикалық) формасы.

Жұртымды келіп едім сағындым деп,

Еліме сәлем беріп, табынғым кеп.

Он үш жылда бір келсем, іш тартпадың,

Көзімнен қанды жасты ағыздым кеп (Ақмолла ақын, Күндер.).

Көп еді мұсылманға назарыңыз,

Күн сайын асты майдан, базарыңыз.

Сарқыттан Ақмолланы бос қоймаңыз,

Тасыды сіздің дәулет қазаныңыз (Ақмолла ақын, Күндер.).

Тұтқындар құбыласы еді - босағаңыз,

Сөз рұлын білмегенге ұқсамаңыз.

Жусаңыз, бір түскен кір кетпей қалмас,

Қайраса, кетілген жер өтпей қалмас.

«Әрбір зат асылына тартар» деген,

Тат кетіп, болат қылыш өтпей қалмас (Ақмола ақын, Күндер.).