ЕЗ

lat: EZ

е т. 1. Біреудің еңбегін пайдаланып қанау.

Бай-бектер; жауапқа тартса, жарлыны қанағаны, езгені үшін жауапқа тартады (Х.Есенжанов, Көп жыл.).

Өздерін ұзақ заман есеңгіретіп езген, ұлын құл, қызын күң еткен зұлым байлардан кек алді (З.Жәкенов, Таң самалы).

Бұл байлардың бізді қандай езіп келгенін сол газет арқылы біле бастадым (Е.Бекенов, Дала қоңырауы).

2. Бейшаралық күйде караңғылықта ұстау; сорлату.

Ол ауылды езген ескілікке, әртүрлі өсек-аяңдарға, кертартпа мінездерге кездеседі (С.Қирабаев, Октябрь.).