ЕЛІ

lat: ELİ

з а т. Ұзындықты, қалыңдықты білдіретін саусақтың көлденең ені (өлшем мөлшері, өлшеу бірлігі).

Мықынынан балағына дейін екі елі қызыл әдіпті генералдың белгісі бар шалбары өзіне шақ еместей олпы-солпы болып көрінді (Б.Момышұлы, Москва.).

Жерге шөгіп кетпесін деп астарына жуандығы төрт елі тақтай төсеген (Ө.Қанахин, Дәмелі).

Аралығы қарын менен жүректің

Төрт-ақ елі болса да,

Қашық олар қаншама!

Иә, көп болса төрт елі (Т.Айбергенов, Мен саған.).