ЕМДІК

lat: EMDİK

с ы н. Ем боларлық, шипалық, дарулық.

Жарықтық жылқы етінің иісі, дәмі өзгеше ғой! Емдік қасиеті қандай! (Н.Ғабдуллин, Сар. жапырақ).

Емдік суларға өзінің химиялық құрамы және физикалық жағынан арнаулы зерттеулер мен емдеу практикасы негізінде жасалған нормаларға сай келетін минералды сулар жатады (Шаңырақ энцикл.).

Бірақ ол кезде мен дәрілердің емдік  қасиетіне үңіле қоймайтынмын (К.Қазыбаев, Дәуір.).

Дәрігерлер қауымы жүгері майының емдік сипатын анықтап отыр («Мәдениет және тұрмыс»).