ПЕРІШТЕ

lat: PERİSHTE

(пар. фәриште فرشته) періште.

Пырақ атын жұмақта періште ұстар, Пырақ атын мінбеген ағызын ұстар («Ибраһим». М.Жүсіп, І-том, 2003).

Періште Жәбірейіл келіп көрді, Оттап жүр Райханда жүз мың пырақ («Қисса Анхазірет Расулдың Миғражға қонақ болғаны». Бабалар сөзі. 11-том. 2005. 100 томдық).

Қолымнан бір періште бек ұстады, Қозғалмастай аяғымнан бір от тұтты («Қисса Жұмжұма». Бабалар сөзі. 10-том. 2004. 100 томдық).

Оң жақтағы періште діни ұғым бойынша адамның оң жақ иығындағы періште оның жақсылықтарын, ал сол жағындағы жамандықтарын жазып отырады.

Періштеміз оң жақтағы өсер еді, Солардай болып өтсек дүниядан («Шәңгерей Бөкеев». Бес ғасыр жырлайды. ІІІ том. 1985).

Періште сипатындай періштедей.

Айтқанының айнымай келді бәрі, Періште сипатындай нұр дидары («Қисса хазірет Жүсіп аләйһиссалам илән Зылиханың мәселесі». Бабалар сөзі. 18-том. 2005. 100 томдық).