ЕҢБЕКҚОР

lat: EŃBEKQOR

с ы н. Еңбексүйгіш, еңбекқой.

Ол қарапайым, бір сөзді, еңбекқор, кез келгенге қол ұшын беріп көмектесуден шаршаған емес («Ана тілі»).

Әр нәрсенің жолын біледі, еңбекқор, өнерге бейім. Өмір бойы ұлы махаббат иесін күтуге бар («Жас Алаш»).

Еңбекқор, адал, жаның жай,

Мінезің маған тартқанын,

Ақылыңды айтып келіп тұр,

Балаларды біліп тұр.

Қалай жүріп жатқанын (К.Әзірбаев, Таңд. шығ.).

Сәбиттің әкесі Дөнентай кедей, еңбекқор, санасы ояу, шаруашылығына ұқыпты кісі болған (Б.Кенжебаев, Қаз. дем. жазушы).