ЕРІКТІ

lat: ERİKTİ

с ы н. Өз еркі өзінде, ықтиярлы; құқылы, тәуелсіз.

Мен қазақпын азат қыз, ерікті ұлмын, жер бетінде Антейден берік тұрмын (Ж.Молдағалиев, Шығ.).

Сен де еліңе жеткенше ғана ерікті батырсың, еліңе барғасын сен де еркіңнен айырыласың: не байдың, не бидің сойылы болып қаласың (Ғ.Мүсірепов, Өмір.).

// Күштеусіз, зорлықсыз әскери болған адам.

Мен бүл патриот еріктілерді әскери киіммен, сонымен қатар әйелдерге тән келісті киіммен киіндіруді өтінбекпін (Б.Момышұлы, Біздің генерал).

Осы кезде Верныйда Емелевтің еріктілерінен құралған жаяу әскер полкы тұратын (Қ.Әміров, Өшп. жүлдыз.).

Сөйтіп Отан- ананың шақыруын күтпей-ақ еріктілер қатарында майданға аттанды («Қазақст. мұғ.»).