ЕРІКТІК

lat: ERİKTİK

с ы н. п с и х. Ерікке тән, ерікке қажетті.

Сотқар адамның жөнсіз батылдығы мен ұрының жылпос «пысықтығын» мінездің еріктік сапаларына кіреді деп ойлау шындыққа сай келмейді (Қ.Жарықбаев, Психология).

Еріктік реттеудің дамуы, ең алдымен, бай мотивациялық мағыналық саланың, адамның орнықты дүниетанымы мен сенімдерінің қалыптасуымен, сондай-ақ іс-әрекеттің ерекше жағдаяттарында еріктік күш-жігерге қабілеттіліктің қалыптасуымен байланысты (Қаз. тілі термин. Психология.).

Еріктік   реттеу ырықты реттеудің тұлғалы деңгейі ретінде көрінеді, бұлардың айырмашылығы - еріктік реттеу туралы шешім тұлғадан шығады және реттеу кезінде тұлғалық құралдар пайдаланады (Қаз. тілі термин. Психология.).