ЕРІКТІР

lat: ERİKTİR

е т. Бостан-бос жүргізу, зеріктіру, іш пыстыру.

Қалабек келсе бұ кісілерді еріктірмес еді, - дейді біреуі. - Сол ма? Ол жындының жүрген жері думан ғой, - дейді тағы біреуі (Ж.Аймауытов, Шығ.).

Ер ондай еркін туған еріктіріп, Қайсарды қайырып тұр басқа жолға (Т.Ізтілеуов, Рүстем.).

Еріктіріп, қасыңда жүрдірші деп,

Қозы Көрпеш өлгенін білдірші деп.

Баяғыда алған ақ бетіңді,

Баянжан-ай аулақта сүйдірші деп (Қозы Көрпеш.).