ЕРІН

lat: ERİN

з а т. 1. Ауыздың астыңғы және үстіңгі екі жак жиегі.

Тілде сүйек, ерінде жиек бар ма?

Шымылдық боп, көрсетпес шыңның жүзін (Абай, Тол. жин.).

Кірсіз тіс, жұқа ерін, сөзге епті,

Ақылмен білім сөйлер әрбір текте.

Жасы менен денесі таласа өсіп,

Құрмадай кәміл піскен көз жетті (С.Торайғыров, Шығ.).

Аузын ашып қалғанда «ай десе аузы бар, күн десе көзі бар», қасы қиылған, аузы оймақтай, ерні жұп-жұқа, белі құмырсқаның беліндей нәп-нәзік, орта бойлы бір қыз шыға келдіаз. ертег.).

Екінші айдың аяғыңда, үшінші айда бала дауысты дыбыстарға бірте-бірте дауыссыз дыбыстар да қоса бастайды. Ең алғаш ерінмен айтылатын дауыссыз дыбыстарды қосады (М.Жұмабаев, Шығ.).

2. а у ы с. Ауыз.

Мүсәпір ернін кемсеңдетіп, сақалын желк-желк еткізді (Ә.Әбішев, Армансыз.).

Сәлем орнына ернін  күбір еткізді (Т.Ахтанов, Қаһарлы күн.).