ЕРІН

lat: ERİN

е т. Мойны жар бермеу, жалқаулану, кежірлену.

Кербездерің керіліп,

Басуға аяқ ерініп;

Шешенің судай төгіліп,

Тыңдаушың бордай егіліп,

Өз-өзіңнен іскенсің (Дулат Бабатайұлы, Замана).

Кішкентай күнімнен шаруа істеуге ерінбейтін едім (Ә.Нұршайықов, Алтын.).

Жігіттерге журнал, газет, өлең кітаптарды оқып, өз білгенін айтып отыруға ерінбейтін  еді (І.Жансүгіров, Шығ.).