ЕСЕПШОТ

lat: ESEPSHOT

з а т. Он-оннан жүздей домалақ тасы бар, бір нәрсенің санын алып-қосып анықтауға арналған аспап .

Мұғалима есепшоттың қасында әртүрлі есепті шотқа қағып көрсетіп тұр.Сейфуллин, Әңгім.).

Әсіресе көп жылдан бері есеп-қисап саласында істеп жүрген орынбасардың есепшот қағуы мүлде бөлек.Есламғалиев, Екінші тыныс).

Есепшоттың он домалақ тасы ұрсын, Он баламның көзінің жасы ұрсын, Әкемнің ақ сақалы ұрсын.Иманалиев, Соқырішек).