ЕСКЕРТПЕ

lat: ESKERTPE

з а т. 1. Кеткен олқылық, кемістік туралы сын.

Бүгінгі күннің талап биігінен қарасақ журналда жарияланып жатқан шығармалар мен сын материалдарына айтылар ескертпелер аз емес (С.Мәуленов, Үркер.).

Қазақстан Жазушылар одағының бір мәжілісінде «Қазақ әдебиеті» газетінің жұмысы талқыланып, газет атына сын, ескертпелер  көбірек айтылып жатты (Р.Бердібаев, Достық.).

2. Алдын ала есіне салып қоюшылық, ескертушілік.

Алдыңғы жолдарда «Кім қолына тисе де бұл хат Асқарға табыс етілсін» деген ескертпесі бар екен (Х.Рахимов, Қызғалдақ).

2. р е с м и. Ұйым, басшы тарапынан берілетін жеңіл тәртіптік жаза.

Штаб бастығынан ескертпе алған партизандар сөздерін су сепкендей тыйды (Т.Жанкелдин, Партизан).

Мекеме жиналысында ескертпе  алғасын, Көбек әке ақылын тыңдап, қарқынын тежеп, кәдімгідей байсалды қалыпқа түскен (Ердің даңқы.).

4. с ө й л. Үнемі еске түсіріп, салып тұру үшін жасалған белгі.

Шынында да, кеш болмай-ақ машина жүретін жолдың дөңнен шыға беріс жеріне дөңгелек қаңылтырға күлімдеген бала суреті мен әдемі жазылған сақтандырғыш сөзі бар ескертпе  орнатылып та қойылды (Е.Қонарбаев, Түнгі от).

Аққан тер, төгілген қан еш кетпесін,

Дүние жаңғырмасын атқан оқпен.

Мен болсам, болашаққа ескертпе  үшін

- Күзетте мәңгі қалдым автоматпен! (Н.Шакенов, Толқын.).

5. Теріс, жағымсыз іске білдірілген қарсылық, наразылық қайталанбасын, доғарылсын деген қатал ниеттен туған әрекет.

«Ақсақ құлан» күшті жанға көңіл айту емес, халық атынан айтылған ескертпе  еді (І.Омаров, Шабыт шалқары).