ЕТІК

lat: ETİK

з а т. Былғары не резинка сияқты материалдардан тігілетін қонышты аяқкиім.

Қазақ арасында былғарыдан ең көп тігілетін киімнің бірі етік болғандықтан, былғарыны өңдеумен көп айналысқан (С.Қасиманов, Қаз. қолөнері.).

Ескі етігінің қонышын бастап кию үшін әркімнің тігінінен қалдырған жамаулығы жетпей қалып, азғана қайыс сұрап кел деп Раушанды Кемелбайдікіне жұмсаған (Б.Майлин, Әңгім.).

Бұл етік  өте жұмсақ былғарыдан әшекейлеп тігілетіндіктен шығыс әйелдері сәнге киетін (С.Бегалин, Шоқан асу.).

Етік адамның жас, жыныс ерекшелігі мен жыл мезгілдеріне қарай түрліше тігіледі («Жас Алаш»).