ЖАБЫҚ

lat: JABYQ

з а т. Киіз үйдің үзігі мен туырлықтың қосылған жері, киіздерінің қосылған жері. Ісләм Айшаның үйіне қарай тура жүрді. Әуелі есік алдына ақырын басып келіп, ж а б ы қ т а н сығалады (М.Әуезов, Қараш.). Жиылып отырған кісілер мұғаліммен кеңесе бастап, үйдің ж а б ы ғ ы н а н қыз-қатындар сығаласып түр еді (М.Дулатов, Шығ.). Бағанадан сөздің аңысын аңдып, ж а б ы қ т а н сығалап тұрған Мардан тыста тұрып, жанжал көтерген (І.Жансүгіров, Шығ.). Дүсірлетіп, аттарын омыраулатып үйге тіреліп, соқтығып, үйді сықырлатып топырлаған аттылар есікті, ж а б ы қ т ы түріп ашты, анталасты (С.Сейфуллин, Шығ.).