ЖАБЫҚ

lat: JABYQ

с ы н. 1. Ашық емес, бекітулі. Аманкелді коридорға алдымен кірді, артынан шалдар, олардан соң Серік, Мұратбай ерді. Оң жақтағы, солдағы кабинеттердің есігі ж а б ы қ.Жұмағұлов, Қыран.). Тар торапты поезда кісі мінетін вагон жоқ екен. Жүк вагондарының кейі ж а б ы қ, кейі ашық.Мұқанов, Есею жыл.). Қабырғаның бәрі тықыр, қосалқы есік жоқ. Погребін де байқамадым. Еден нық, дүңкілдемейді. Терезе де ж а б ы қ.Тоқаев, Түнде.). 2. Бүркеулі, жабулы, қоршай қапталған. Айтысты жүректегі сырды сарқып, Бірінен дос таппасын біреуі артық. Жегілген қос арғымақ ж а б ы қ күйме, Бет қойып Орынборға кетті тартып (Қ.Тоғызақов, Сібір Омар). 3. Төбесі жабылған, су өтпейтін етілген. Әбілқасым бас болып, ж а б ы қ қорадағы жемде тұрған жеті-сегіз аттың ең мықтысын ерттеп мінді де, зоотехниктер тұс-тұсқа жөнеліп кетті.Тоғысбаев, Алдыңғы.). Аң аулау жұмыстарына алдын ала дайындық жүргізілгенде, аңшы бригадаларын тамшы өтпейтін ж а б ы қ күркелермен қамтамасыз ету шараларын да қарастырған дұрыс болар еді.Исмайылов, Зорман.). 4. а у ы с. Жасырын, құпия . Жеке шыққаннан кейін, сағынысып жүрген жастар махаббат мұңын төккен болар, ж а б ы қ сырды ашқан шығар, әйтеуір қосыламыз деген сөзді біз ертеңіне-ақ естіген болатынбыз (С.Әбдірахманов, Тоғысқан.). Бұлардың ішінде бір-біріне деген ыстық ықылас жатқандай. Оларын жанға сездірмей, ж а б ы қ ұстайды.Алдабергенов, Асу). Қажы ауылының мұндай ұдайы болып жататын ашық қонағынан басқа анда-санда ж а б ы қ қонағы да болып қоятын еді.Жансүгіров, Шығ.).