ЖАБЫҚ

lat: JABYQ

е т. Мұңаю, қамығу, жабырқау, жасу. Тек сол үшін шыға бердім үйімнен, Кете бардым, ұзай бердім жарықтан. Ойлағам жоқ өтемін деп күюмен, Үміт бердім жүрегіме ж а б ы қ қ а н (Ә.Тәжібаев, Жартас). Емес қой өмір әркез бал мінезді, Қайғы-мұң тұрса бір сәт жаныңды жеп. Күрсінбеші ж а б ы ғ ы п жалғыз өзің, Қатал тағдыр басыма салды ғой деп (Қ.Мүсірепов, Раушан). - Мен биылғы жыл жалғыз ержеткен балам солдатқа кетіп ж а б ы қ қ а н жылым еді деді Мақыш ( М.Әуезов, Қараш.).