ЖАҒЫМДЫЛЫҚ

lat: JAǴYMDYLYQ

з а т. Көңілден шығатын ұнамдылық, сүйкімділік. Әжем туралы аз сөз ел аузында ол «жұрт анасы» аталған адам, біріншіден, қолда бар асын аямайтын мырзалығы, екіншіден, кішіпейіл мінезінің ж а ғ ы м д ы л ы ғ ы (С.Мұқанов, Мөлдір махабб.). Жүк болжағыш - ол ұлықтардың сөзіне емес, ісіне қарайды, жұртқа ж а ғ ы м д ы л ы ғ ы н а қарайды (Х.Есенжанов, Ақ Жайық). Әкесінің, ауыл адамдарының ішінде кез келгендерінің есінен мәңгі шықпайтын жұртқа ж а ғ ы м д ы л ы ғ ы мен шеберлігін айтып тауыса алмай, бірнеше аксакалдар да келіп кетті (К.Оразалин, Қайырлы.).