ЖАЗ

lat: JAZ

з а т. 1. Көктемнен кейін келетін жылдың жылы, жайлы маусымы. Түсі суық, у тілді, Қарға адым жер боп мұңы, Үнемдеп жалап топырақ, Бұта көрсе тоқырап, Қыс болсақатып сіресіп, -weight: bolder;">Жаз өмірмен күресіп, Аяғы жоқ, еңбектеп, Күн көріп жүр жылан даулат Бабатайұлы, Замана.). Жан-жануар қайтсын жазға кенелмей, Баурың төсеп, еркелейсің енеңдей, Жердің жүзі жадырады, жасарып, «Тәңір ием, рахманың кең!» дегендей (Ақмолла, Күндер мен түндер). -weight: bolder;">Жазда Атырауға барған сапарында Үкімет басшысы газ кеніштерін игеру кенже қалып жатқанын сынап: «Ұлттық мүдденің теңдігі бұзылуда», - деген-ді («Жас Алаш»).

2. г е о г р. Жер шары өз орбитасыныц жазғы күн тоқырау нүктесінен күн мен түннің күзгі теңелу нүктесіне дейінгі аралығында болатын жылдың төрт мезгілінің бірі. Астрономия тұрғысынан -weight: bolder;">жаз 93 күнге (23.06 - 23.09) созылады (ҚҰЭ). Әдетте Жер шарының солтүстік жартысында маусым, шілде және тамыз -weight: bolder;">жаз айлары болып есептеледі (ҚҰЭ).

3. Жаз айларына көктем мен күздің жылы кезеңдерін қосып есептегендегі жылдың жайлы мерзімі. Өткен дәуір белгісіз, Бір жылдық жартысы қыс болса, Жадырап жартысы -weight: bolder;">жаз болар. Құлазыған далаға Құладын тұрмас байласаң (Базар жырау, Шығ.). Қыс, жаз бізді алдайды, Алтын айдан артық асылы Рахаты болмайдыердері Әбубәкір, Қазағым). -weight: bolder;">Жаз болғанда елге келсең... Жаңа әйелің жаныңда боп, Қыс қалада тұра берсең... Айтпаңыз оны, ағатай! (Ж.Аймауытов, Шығ.). 1997 ж.

4. а у ы с. Жанға жайлы жылылық, жайнаған әдемілік. Қызыл тілім буынсыз, Сөзімде ж а з бар шыбынсыз. Тыңдаушымды ұғымсыз Қылып тәңірім бергенді (Абай, Шығ.). Қайғың - қыс, жүзің - -weight: bolder;">жаз, Боламын көрсем мәз. Күлкіңіз бойды алар, Бүлбүлдай шықса әуез (Абай, Шығ.). Аулақ, аулақ, Аулақ менің жанымнан! Қара уайым қара шәлі жамылған. -weight: bolder;">Жаздың әлі гүлім жаңа жарылған, Бұлбұлымды ұшырғам жоқ бағымнан (М.Мақатаев, Шығ.). Жай тауып, жадырап бар жан дүниесі  -weight: bolder;">жаз лебіндей жымия жылы күліп (Ә.Оңалбаев, Өсиет.).