ЖАЗАЛАУ

lat: JAZALAÝ

з а т. п е д. Баланың тәртібіндегі жағымсыз қылықтар мен әрекеттерге тыйым салып, оларды болдырмауға бағытталған педагогикалық ықпал ету тәсілдерінің бірі. Жазалау істелген тәртіпсіздікке лайықты, әділетті болғанда және бала өзінің не үшін жазаланғанын түсінгенде ғана оның тәрбиелік мәні болады (Қаз. тілі термин. Педагогика.). Жазалаудың әртүрлі жолы бар. Мысалы, тәртіпсіздік үшін ұялту, ескерту, сөгіс беру, педагогикалық кеңеске шақыру, мектептен шығару, бір сыныптан басқа сыныпқа немесе басқа мектепке ауыстыру және т.б. (Қаз. тілі термин. Педагогика.).