ЖАЗУШЫ

lat: JAZÝSHY

з а т. Әдеби еңбекпен шұғылданатын, көркем шығарма тудырумен айналысатын адам.


Біздің бұл кездегі жазушыларымыздың да, оқытушыларымыздың да көбі орысша оқығандар (М.Дулатов, Шығ.). Аңшылар үшеу едік. Біреуі министр, біреуі ғалым, үшіншісі мен жазушымын (Ғ.Мүсірепов, Кездесп. кет.). Оған қоса облыстың Жазушылар ұйымын басқаратын белгілі жазушы Әбдір Байсаринді Мадияр көп жылдан бері білетін (С.Омаров, Өмір.). Жазушыға қарама, жазғанына қараақалнама.). Мінезсіз адам жазушы бола ма, оның мінезі де оңай мінез емес-ті. Кейде тарыла қалатын, кейде жайыла қалатын кезін көп көрдік («Жас Алаш»).