ЖАЙЫН

lat: JAIYN

з а т. з о о л.ат. silarus glanis> Тұқы тектестер отрядына жататын, аузының айналасында үш жұп мұртшасы бар, дене тұрқы құйрығына қарай жіңішкеріп келген, басы үлкен, ірі жыртқыш балық.

Жайын жартылай көшпелі балық, бірақ ұнатқан жерінде ондаған жылдар бойы көшпей жүре береді. Қазақстанда Каспий, Арал теңіздерінде және оларға құятын өзендерде, Балқаш-Іле өзен-көл алқабына жерсіндірілген (Қаз. тілі термин. Биология).

Біздің еліміздің суларында мекендейтін шортан, алабұға, нәлім, жайын балықтар жыртқыштар қатарына жатады (Т.Мұсақұлов, Аквариум.).

Қазіргі кезде су қоймасында табан балық, жайын және қой балықтардың пайда болуы ысталған балық өнімін көтеруге мүмкіндік беріп отыр (М.Тайыров, Балқаш.).

2. а у ы с. Дене түршігерліктей, ғажайып, зор, керемет.

Қатты жел күні қаптап жанған қаудай болып, жер күңіренткен жайын үн шықты (М.Әуезов, Шығ.).