ЖАҚСЫЛА

lat: JAQSYLA

е т. 1. Көтермелеп мадақтау, жақсы сөз айту.

Біздің Сәбит: «Шөре-шөрелерде тиянақты пікір жоқ. Күш кімде болса, олардың тілегі сонда, кеңес өкіметін тамағы тойса жақсылайды, тамағы ашса жамандайды. Бір күн байды жырласа, бір күн кедейді жырлайды», - деп отыр (Ж.Аймауытов, Шығ.).

Қатты айтып саған неге қас қылайын,

Сен жаман айтсаң-дағы жақсылайын.

Ойланып тапқан сөзің осы болса,

Көңілімді неге бұған бәс қылайын (Айтыс).

Жақында оны үлкен бір жиналыста көп болып жақсылаған екен, енді міне соны актайтындай іс істеп жүр (Ауызекі).

2. Айтарлықтай дәрежеге жеткізу, жақсарту, оңдау.

Ал, сондай ауыр халін айтып, тұрмысымызды жақсыла дегендігі үшін, оларды полицейскийлердің қудалауына, жазалауына Асқар түсінбеді (С.Мұқанов, Ботагөз).