ЖАЛҒАСТЫРУШЫ

lat: JALǴASTYRÝSHY

з а т. 1. Байланыстырушы, тұтастырушы.

Жрец көне шығыс елдерінде Құдай мен адам арасын жалғастырушы әулие саналған (Е.Ысмайылов, Ақындар).

2. Істі ары қарай сабақтастырушы, дамытушы.

Жастар - өмір гүлі, қоғам болашағы. Олар жақсы дәстүрді жалғастырушы, жаңалықты бастаушыиар (Балдәурен).

Сол ерлердің ізбасарлары, ісін жалғастырушылары осы Дінқұмандар секілді (Д.Досжанов, Тұлпар.).