ЖАЛҒЫЗДЫҚ

lat: JALǴYZDYQ

з а т. 1. Ешкімі жоқтық, саяқтық.

Ақберген де өзінің нашарлығын, жалғыздығын, қоңсылығын, достығын тілеуі бірлігін айтып шықты (Ж.Аймауытов, Шығ).

Жарлылық пен жалғыздық,

Дұшпанына қылар мат,

Қоныстың шалғай жырағы,

Ағайыннан қылар жат.

Хан салғандай кәделі

Орын едің рабат (Базар жырау, Шығ.).

Өзен де жоқ сыймаған арнасына,

Жылға да жоқ даламен жалғасуға.

Таста тұнған жаңбырдың тамшысындай,

Қалай біткен мына көл тау басына?!

Мөлдірейді, қарайды қарға, шыңға,

Жалғыздықтан жамандық бар ма, сірө (М.Мақатаев, Шығ.).

Өлейін деп ойласам,

Аманатың бар мойнымда.

Жүрейін деп ойласам,

Жалғыздық бар мойнымдаашықнаме).

3. Даралық, жекелік.

Досты қайдан табарсың,

Кеңесерге адам жоқ.

Әрлі-берлі шабарсың,

Жалғыздықтан жаман жоқ (Абай, Тол. жин.).

Жалғыздық – бір Тәңірінің сыбағасы,

Өршілдікпен лағнетке болған душар (Абай, Тол. жин.).

Қазақ халқы өзінің дәстүрлі дүниетанымы бойынша, рухани кемелдену жолында жалғыздықты таңдап алған дәндарларды әулие тұта отырып, қарапайым адамдардың күнделікті тұрмыс-тіршілігінде саяқ ғұмыр кешуін мақұлдамайды (ҚҰЭ).

4. д і н и. Монотеистік діндердегі Құдайға тән басты қасиет.

Мынау бір аппақ боранда адасып тегі,

Машинаң асқар таулардан әрі асып па еді.

Жалғыздық  деген жақсы ма, жалғыздық деген

Құдайдан басқа ешкімге жарасып па еді?! (Т.Молдағалиев, Шақырады.).

Ислам дінінде де дүниені жаратушы күштің жалғыз екеніне сену - иманның негізі, парыздың үлкені саналады. Алланың жалғыз, әрі теңдессіз қүдірет иесі екенін таухид ілімі терең түсіндіредіЖалғыздық  ұғымы сопылық ілімде ерекше мәнге ие. Алланың жалғыздығын теориялық тұрғыдан ғана танумен шектелмей, соған сәйкес амал қылу таухидті толыққанды етпек (ҚҰЭ).

«Жалғыздың Құдайға ғана жарасады» деген мақал - соның айғағы (ҚҰЭ).

4. п е д. Басқа адамдардан оқшауланған жағдайға ұшыраған адамныц эмоциялық күйіне ықпал ететін психогендік фактор.

Эксперименттік, географиялық, әлеуметтік, жазалау - түрмелік жалғыздық жағдайына ұшыраған бойда адамдардың басқа кісілермен барлық тікелей («жанды») байланыстарының бәрі тоқтайды («кілт үзіледі»), осыдан шұғыл эмоциялық реакциялар туындайды (Қаз. тілі термин. Педагогика.).