Жалқын

lat: JALQYN

з а т. Алаулаған жалын .

Бұған тиген су перінің салқыны,

Салқыны емес, бейне оттың жалқыны

Қол-аяғын от ішінде қалқиды.

Бойыңды улап, басылған екен қарқыны (Ж.Аймауытов, Шығ.).

Аспанның батыс деңгейінде әлдеқашан батқан күн жалқыны болар-болмас қызарып тұр.Әутәліпов, Той тарқар).

Дауыл жаным, сағындым түсін мені,

Бұл сағыныш не күйге түсірмеді.

Келші жылдам, Дауыіл боп дүрілдетіп,

Жалқынымды басайын ішімдегі.Нілібаев, Қоңыр жел).