ҚАРЫЗГЕР

lat: QARYZGER

з а т. э к о н. Мемлекеттік немесе жеке коммерциялық банктерден несие алған адам немесе заңды тұлға; несие алушы. Қ а р ы з г е р немесе қарыз алушы несиені, әдетте, кредит үшін пайыз төлей отырып қайтаруға, оны пайдаланудың белгіленген тәртібін т.б. сақтауға тиіс (Қаз. тілі термин. Экономика.). Қ а р ы з г е р д е н қарызды немесе оның бір бөлігін берілген валюта түрінен басқа валютамен өтеуді талап ету мүмкіндігі бар (ҚҰЭ).