ҚАРЫМ

lat: QARYM

з а т. 1. Күш, қуат, әл. Кенжелеп еміп, күйлі болғанымен, қар тебуге қ а р ы м ы әлсіз кенже жабағы, шашасын мұз қиып кейінгі кезде азыңқырап еді (С.Бегалин, Жеткіншек). Махаббатта бір-ақ заң бар, Ол адалдық заңы, ұлым. Сол заңменен өлшенеді қ а р ы м ы ң мен дарының (М.Шаханов, Ғасырлар.). 2. а у ы с. Ауқым, ая, өріс; құлаш. Оның өмірге көзқарасының кеңдігі, творчестволық қ а р ы м ы н ы ң молдығы, ізгі жаны бәрі-бәрі де бізге соншалық жақын, ыстық (I.Омаров, Шабыт.).