ҚАРЫН

lat: QARYN

з а т. а н а т.ат. gaster> 1. Адамның, жанануарлардағы ас қорыту жолының өңеш пен ащы ішек арасында орналасқан кеңейген бөлігі. Қ а р ы н н ы ң сол жақ беткейіне көкбауыр жабыса орналасады да, кіші иін бойында ұйқы безі болады. Қ а р ы н д а азық ісініп, сұйылып, еріп, сілекей мен қарын сөлінің әсерінен ыдырайды. Қ а р ы н қабырғасы сірлі, етті және кілегейлі қабықтардан құралған (ҚҰЭ). Жылқының қ а р н ы үлкен емес, бірден көп азық жей алмайды және азықты асықпай, жақсылап шайнап, аздап жұтады (А.Сыздықов, Жылқы өсіру.). 2. а у ы с. Құлқын, жеке бастың қамы. Билік бар деп қолымда дарылдама! Дарын емес, Сендегі қ а р ы н ғана! Қайсы қоғам, Қай елде, Қай кезде де, Өзгермейтін саф алтын дарын ғана! (Қырзалиев, Мәңгі майдан). Не ішемін, не киемін демеймін, Мәселесін шешіп алғам қ а р ы н менен көмейдің (М.Шаханов, Ғасырлар.).