ҚАРЫНДАС

lat: QARYNDAS

з а т. к ө н е. Туысқан, ағайын, бауыр. Тастан тайып өлген жоқ, құздан құлап, Оны өлтірген ағайын, қ а р ы н д а с ы; Ел бұзатын ерсі істі өршітпеске, Дарға асып, таспен атқан өз ағасы (Ш.Құдайбердиев, Шығ.). Біз, мұсылман депутаттары, ретті орында шамамыз келгенше үшінші Думада да қазақ қ а р ы н д а с т а р ы м ы з д ы ң халдерін һәм қажеттерін баян қылып, құқықтарын қорғап сөз сөйлеп келдік (“Қазақ”). Ғайратын бойындағы шетке жұмсап, Келтірмеші жәбіршілік қ а р ы н д а с қ а (М.Дулатов, Шығ.).